Accessibility links

С.Хусеиннің ісі бойынша сот процесі 21-інші желтоқсанда қайта жалғасады


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеин мен оның 7 үзеңгілесінің ісі бойынша сот процесі 2 апталық үзіліске жабылды. Кеше болып өткен соңғы отырыс С.Хусеиннің қатысуынсыз өтті. Өйткені сейсенбі күні ол, оның өз сөзімен айтқанда, “заңсыз” сотқа қатыспаймын деп мәлімдеген болатын. С.Хусеин мен оның 7 үзеңгілесіне 1982-нші жылы Дуджайыл ауылының 140-тан астам шийт тұрғынын қырды деген айып тағылып отыр. Соттың кеше болып өткен отырысында тағы 2 куәгер түрмеде халықты қалай қинап-жәбірлеген жайттарды ортаға салды. Сот төрағасы отырыстың 15-інші желтоқсандағы парламент сайлауынан кейін 21-інші желтоқсанда қайта жалғасатынын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG