Accessibility links

Саддам режимі құлағаннан кейінгі Ирақ Күрдтерінің жағдайы


Ирақтың 15-ші желтоқсандағы парламент сайлауларына дейін санаулы күндер қалды және елдің көп бөлігінде бүліктер орын алуы да мүмкін екені айтылуда. Дегенмен, елдің солтүстігіндегі Күрд автономиясының аймағы басқа жағдайда. АҚШ бастаған күштердің 2003 жылы Ирақты басып алып, Саддам Хуссейнді биліктен кетіргеннен бері бұл аймақта сүннитер мен оңтүстіктегі шииттер аймағына қарағанда, айтарлықтай бүлікшіл күштердің әрекеттері болмады. Бұл ахуал Ирақ күрдтерінің өз аймақтарын қалыптастырудың орнына, дамыған аймаққа айналдыруға назар қоюы, бүгінде олардың белгілерінің мемлекеттік рәміздерінде орын алуына мүмкіндік беріп отыр.

Ирбильге келгендерге үлкен әсер қалдыратын бірінші нәрсе, ол Ирақ туын ажырату мәселесінің қиындығы. Өйткені тутұғырдың орнында Күрдістан аймақтық үкіметінің туы желбіреп тұрады. Бұл жалаудың түсі Ирақ туының түсі сияқты, бірақ оның жоғары жағында Күрдтердің күн эмблемасы бар.

Бұл өзгертілген ел туы, солтүстік Ирақта ақырындап өз тәуелсіздіктерін құрып, жеке мемлекет жасап алған Ирақ Күрдтерінің көптеген белгілердің бірі ғана. Бұл тұста елдің басқа аймағында қауіпсіздік тұрақтылығы орнамай, көшеге шыққандарды әсіресе қорықпайтын шетелдіктерді ұстап әкетіп жатса, күрдтер аймағында шетелдік кәсіпкерлер қарулы күзетшілерінсіз-ақ ашық жүре береді.

Мұндағы іскер адамдар жергілікті даму жобаларын орындап немесе Ирақтың басқа бөлігінде кәсіптерін жасаудың жолдарын қарастырады. Олардың осында болғанының дәлелі мен Германия мен Еуропаның әр жеріндегі Күрд диаспораларынан елге оралғанынан жаңа құрылымдардың жүзеге асып жатқандығы болып отыр. Сондықтан, дәулетті болып көрінген арман қаладағы үйлеріне жаңа жолдар ашылып отыр.

Мұнда келушілердің көбі осыдан екі ай бұрын Еуропадан тұрақты рейсі ашылған Ирақ Күрдтерінің екі әуежолының бірі арқылы келеді. Ол екі компания да ұшақтарды Германиядан жалға алып Грекия ұшқыштар мен оның командасын жалдайды. Бірақ, бұл компаниялар нақты Күрдтік атаулармен айтылады. Яғни, Күрд әуежолдары мен Саван әуежолдары деп. Саван деген күрд тілінде дүниеге жаңа келген дегенді білдіреді. Демек ол атаулар Күрд әуежолдарының тарихтағы бірінші екенімен бағаланады. Саван әуежолын құрған жекеменшік күрд инвесторлар тобының басшысы Кава Бесаранидің айтуынша, олардың мақсаты осыған дейін Бағдад арқылы тек көрші Түркия, Сирия немесе Иранға ғана ұша алатындай аймақтағы бұрынғы шектеулі мүмкіндіктен шығу болып отыр. Лондонда тұратын Кава Бесаранидің айтуынша, әуежолдарының көп белгілері ұлттық нышандармен әшекейленген. Оның сөзіне қарағанда, олар тек кәсіпкерлікпен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар тарихи жетімсіздіктерін қайта қалпына келтіру ісімен айналысу екен:

“Ұзақ уақыттан бері біз атамекен жеріміз Күрдістанға сапар шеккенде бірнеше сағаттар бойы ұшатынбыз, сағаттар бойы көлікпен жүретінбіз, шекарада көп сағат тоқталатынбыз, кемсітушілікті көріп, шекарада түрлі полиция өкілдерінің сұраққа алып, сіздің кім екеніңізді сұрап, қайда бағыт алғаныңызды, сізден аты-жөніңізді сұрап, күн немесе жаңбыр астында қайда бара жатқаныңызды сұрайды. Түрлі жағдайлардың барлығы маған соққы болып, осындай жобаға бастама жасауыма үлкен себеп болды”- деген ол.

Бағдад, Анкара, Дамаск және Техрандағы үкіметтер Күрдтердің ұлттық қарым-қатынасы таралып кетпеуі үшін күрд азшылықтарын тарихи жағдайда қатаң бақылауда ұстады. Ол бақылаулар Күрд аймағының ішінде шекарадан шығып жүріп-тұруға шектеу жасады. Енді Ирақтың Солтүстігіндегі Күрдтер қазіргі қол жеткізген мемлекеттік нышандарымен қалады ма, әлде тәуелсіздікті толық алу үшін әрекет жасай бере ме? Күрдістан ұлттық Ассамблеясы деп танылған Күрдістан аймақтың үкіметінің президенті Аднан Муфтидің мәлімдеуінше, Ирақ Күрдтерінің мақсаты –өздерінің жоғары деңгейдегі автономиясы шеңберінде жаңадан федералды Ирақ құрылымына қолдау таныту.

“Дәл қазір картаны өзгерту оңай емес. Сол себепті біз Күрдтердің мүддесі бойынша Күрдтердің болашағы үшін Ирақ мәселесімен жүреміз. Федералды демократиялық Ирақ болатындай жаңа Ирақты иеленеміз”.

Құрама штаттар мен Бағдадтағы орталық билік бірнеше мәрте өздерінің Ирақтың аймақтың бірлігін сақтағысы келетіндіктерін қайталаған. Күрд жетекшілері де ол мүддемен келіскен. Ал, Күрдтердің үлкен автономиясының түркиялық күрдтер қозғалысын, Анкара басып тастап, Ирақта Күрдтердің қандай да бір тәуелсіз мемлекет болуы оңтүстік-шығыс Түркияда қайтадан қақтығыстар туғызуы мүмкін деп ескерткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG