Accessibility links

В.Путин Украина экономикасының халі орыс газын арзан бағамен сатып алудан бас тартуына мүмкіндік береді деп санайды


МӘСКЕУ. Ресей президенті В.Путин Украина үкіметін орыс газы үшін оның нарықтық бағасын төлеуге келісуге шақырды. Кеше Ресей үкіметінің экономикаға жауапты министрлерімен өткізген мәжілісінде В.Путин Украина экономикасының халі орыс газын арзан бағамен сатып алудан бас тартуына мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Ресей газының тарифін өзгерту туралы Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөз сонау наурыз айында-ақ басталып, әлі күнге дейін ортақ келісімге келе алмай отыр. Мәскеу Киевтен 1 мың куб метр газдың бағасын 50-ден 160 долларға дейін өсіруді талап етіп, өзі сонымен бірге Украина арқылы Еуропаға өтетін газдың транзитін нарық бағасымен төлеуге дайын екенін мәілмдеп келеді.
XS
SM
MD
LG