БРЮССЕЛЬ. Халықаралық қоғам Хорватиядағы әскери қылмыстарға байланысты ең басты күдіктінің қолға түсуі енді Хорватияның Еуроодақ пен НАТО-ға қабылдануын жеделдетеді деген жылы пікірлер айтып жатыр. Кеше Хорватияның астанасы – Загреб қаласында жүздеген адам 90-ыншы жылдардың басындағы серб көтерілісіне қарсы күрескен “ұлт қаһарманы” саналатын генерал Анте Готовинаның тұтқындалуына наразылық білдірді. Сәрсенбі күні Испанияға қарайтын Тенерифе аралында тұтқындалған қашқын генерал қазір Мадридке жеткізілді. Ол әскери қылмыстарды қарайтын халықаралық Гаага трибуналына бүгін тапсырылуға тиіс. Еуроодақтың кеңеюі мәселесі бойынша арнайы өкіл Олли Рен генерал Готовинаның тұтқындалуын “өте жақсы жаңалық “ деп бағалап, Еуроодаққа қабылдану үшін Хорватия енді барлық күш-жігерін реформаларға бағыттауға тиіс деп атап көрсетті.
Қашқын генералдың тұтқындалуы – Хорватияның Еуроодақ пен НАТО-ға қабылдануын жеделдетеді ме?
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі