Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.09.2005 жыл


Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдарда желтоқсанның 4-і күні Қазақстанда өткен президент сайлауының қортындысына қатысты саясаткер, сарапшылар пікірлері мен сараптамалық мақалалар тізбегі оқырмандар назарына ұсынылыпты.

«Айқын» басылымына берген сұқбатында президент Н.Назарбаевтың саяси мәселелер жөніндегі кеңесішісі Ермұқамет Ертісбаев осы жолғы сайлауда оппозиция өзінің әлсіздігін көрсетті. Сайлау қортындысы оппозицияның Қазақстан халқының арасында бедел мен қуатқа ие бола алмағанын айқындап берді. Оппозиция елде түрлі-түсті төңкеріс орын алуы ықтимал деген жаңсақ пікірмен өмір сүріп келді, олары орындалмады, өйткені Қазақстан оппзициясының ортақ лидері Ж.Тұяқбайға бар жоғы сайлаушылардың 6 проценттен астамы ғана дауыстарын берді деген пікір айтқан. Сондай-ақ президенттің кеңесішісі Е.Ертісбаев Айқынға берген сұқбатында парламент сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуін қолдайтыныдығын білдірген. Сондай-ақ «Айқын» басылымының екінші бетінде АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонның президенттік сайлауда жеңіске жеткен Н.Назарбаевты құттықтап жеделхат жолдағаны туралы жазылыпты.

Ал «Жас Қазақ» басылымы белгілі саясаттанушы Константин Сыроежкинның сайлау қортындысына байланысты пікірін беріпті. К.Сыроежкин осы жолғы сайлауда басты үміткердің көп дауыс алып қойғанына таңданыспен қарап отырғанын айтыпты. Оның айтуынша дауыстар жасанды қосылды дегеннің өзінде 2-3 проценттен аспауы керек көрінеді. Сондықтан бұл дауыс қортындысы нақты дәйекті фактор және онымен санасуға тура келеді деген пікір білдіріпті. Алайда қазақстандық саясаттанушы оппозицияның науқаны аса тегеуірінді бола алмады, ал сайлауға қатысты ЕҚЫҰ-ның бағасымен санасу керек, өйткені олар мүлдем теріс баға берген жоқ, оңды өзгерістерді атады ал екнішіден олардың талғамына салар болсақ ешібір елдегі сайлау халықаралық стандарттарға сай деп мойындалмайды деген К.Сыроежкин «Жас қазаққа» берген сұқбатында.

Сайлау қортындысына байланысты саясаттанушы Досым Сатпаев «Апта.kz» басылымына берген сұқбатында сайлау қортыныдысында айтылған санның бәрі қазіргі билік үшін үлкен минус болғанын атапты. Мемлекет басшысының 90 проценттен жоғары дауыс жинауы көптеген адамдардың, әсіресе халықаралық қоғамдастықтың бірден күдігін туғызды. Сайлау компаниясында басқа кандидаттарға жасалған кедергілерді ескерсек Қазақстанда белгілі бір мәселелердің ушығып кетуі мүмкін. ОБСЕ бұл сайлауды ешқандай демократиялық емес деп баға бергені Қазақстанның ОБСЕ төрағасы болу ынтасын жоққа шығаруы мүмкін дейді Д.Сатпаев. Ал осы басылымда жарияланған саясаткер, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы Болатқан Тайжанның пікіріне қарағанда Н.Назарбаев сайлаушылардың 91 процент дауысын алады деп ешкім ойлаған емес. Сондықтан алдағы уақытта елдің наразылығы күшейе беруі мүмкін, өйткені билік ашықтан ашық халықпен санаспайтындығын осы жолы көрсетті, ал оппозиция партияларға бөлінбей тұтастығын сақтап жұмыс істей берсе әліде халықтың көзін ашуға болады депті Б.Тайжан.

«Azamat.kz» басылымы жұма күнгі санының бірінші бетіне «Бірлік те тірлікте сайлауда көрінді» деген мақала жариялапты. Мақала авторы Асхат Еркімбайдың жазуынша, осы жолы Алтай мен Атырау, Арқа мен Жетісу жұрты қой үсітне боз торғай жұмыртқалайтындай тыныштықты таңдаған. Орта Азия елдерінің ішінде оқ бойы алда келе жатқан Қазақстандағы сайлауға әлемнің түкіпір түкпірінен келген бақылаушылар оң бағаларын беріпті. Тіптен қазақ оппозияцияының шетелдегі жетекшісі Лира Байсейітова сайлауда Н.Назарбаевтың жеңгенін мойындауға мәжбүр екенін білдіріпті. Бұл сайлауда оппозиция жеңілді оған өзіміз кінәліміз депті Л.Бәйсейітова. Газеттің екінші бетінде Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауда 6 миллион 147 мыңнан астам дауыс жинаған Н.Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны жөніндегі қаулыны қабылдағаны туралы жазыпты.

«Ақ Жол Қазақстан» басылымы жұма күнгі санында саясаттанушы Дос Көшімнің сайлау қортындысына қатысты пікірін жариялапты. Дос Көшімнің пікірінше сайлауға дейін әлеуметтік зерттеушілер мен саяси зерттеушілер президент 70-75 процент аралығында дауыс алады деген тұжырымдар жасады ал тоқсан бір пайыз алуы бұл Қазақстанның демократиялық бет бейнесін көрсете алмайды.
XS
SM
MD
LG