Accessibility links

Таиландта құс тұмауынан бес жасар бала өлді


Таиландта құс тұмауынан бес жасар баланың қайтыс болғаны расталды. Тиісті мәлімдемені ел астанасы Бангкокта денсаулық сақтау министрі Пинит Чарусомбат жасады. Өлген баланың үй-іші тауық балапандарын баққан екен. Таиланда құс тұмауынан барлығы 14 адам өлді. Жалпы Азияда 2003 жылдан бері құс тұмауынан кемінде 70 адам қайтыс болды. Құс тұмауы биыл жазда Қазақстанда да алғаш рет шықты, адам шығыны болған жоқ.
XS
SM
MD
LG