Accessibility links

Дональд Рамсфельд Ирақтан 20 мың америкалық сарбаз қайтарылуы мүмкін деп айтты


АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ирақта келесі аптада өтетін парламенттік сайлаудан кейін шамамен 20 мың америкалық сарбаз елге қайтарылуы мүмкін деп айтты. Бұдан соң Ирақта шамамен 137 мың америкалық сарбаз қалмақ. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд жағдай жақсарса АҚШ әскері бұдан кейін тағы шығарылуы мүмкін деді. Рамсфельд бұл мәлімдемесін Конгресс мүшелерімен жабық есік жағдайында өткен жиналыста айтты.
XS
SM
MD
LG