Accessibility links

"Газпром" акцияларын шетелдіктер тарапынан көбірек сатып алуға жол ашылды


Ресей парламентінің төменгі палатасы бүгін заң жобасын қабылдап, "Газпром" компаниясының акцияларын шетелдіктер тарапынан көбірек сатып алуға жол ашты. Осы күнге шейінге ереже бойынша шетелдіктердің үлес салмағы "Газпром" компаниясы акцияларының 20 пайызынан аспау керек болатын. Бұл ереже жойылды, үкімет қолында бақылау акциялары қалады деп қарастырылды. Жаңа заң арқасында Ресейдегі ең үлкен газ компаниясына миллиардтаған доллар инвестиция құйылады деген есеп бар.
XS
SM
MD
LG