Accessibility links

Иран президенті әлем елдерінің сыны астында қалды


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаға еврейді қырған Еуропа елдеріне Израильді көшіру қажет деген мәлімдемесінен кейін, Иран президенті Ахмединежатқа әлем елдерінен сын пікірлер қаптап келе бастады. Ахмединежат өзінің ол мәлімдемесін бейсенбі күні, Сауд Араб еліндегі Ислам саммитінде жариялаған болатын. Бұл мәселеге байланысты БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннаның сынынан кейін Қауіпсіздік кеңесі де өз айыптамасын айтты. Германия мен Австрия да Иран елшілері арқылы өз наразылықтарын білдірді. ЕуроОдақ пен Швейцария да сынап өтті. Ал БҰҰ атом қуаты агенттігі басшысы Ел Барадей кеше Ирандағы ядролық бағдарламаға байланысты:

- Халықаралық қауымдастықтың төзімі таусыла бастады, - деді.
XS
SM
MD
LG