Accessibility links

Астанада «мұз қалашығын» салуға 120 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Онда Қытай қорғанының , Мысыр пирамдаларының, Тәж-Махалдың, Колизейдің, Биг-Беннің, Кремлдің, Афины Акрополінің және «Бәйтеректің» көшірмелері мұздан жасалады. Мұз мүсін жасаушылар байқауына қатысушылардың жұмыстары да жұртшылық назарына ұсынылмақ. Ескі жылдың соңғы күндері өтетін байқауға республиканың және таяу шет ел қалаларының мүсіншілері қатысады деп хабарланып отыр.

Соңғы кезде, Астанада ауа райы күрт суытып, бірнеше күн суық температура сақталғанына орай, қала басшылығы мұз қалашығын салуды шешкен. Бұған дейінгі жылдарда мұз қалашығына жұмсалған миллиондаған теңге суретшілердің туындыларымен бірге еріп кеткен болатын. Әйтседе, қазір «Қалакоммуналдық шаруашылығы» кәсіпорынының жұмыскерлері аязға қарамастан, шыршаны орнату үшін, далаға шығып машиналарын оталдырып жатыр.

Өткен жылдағыдай ең үлкен «мұз қалашығы» «Думан» ойын-сауық орталығының маңында орналастырылады. Астананың «Қалакоммуналдық шаруашылығы» кәсіпорыны маманы Юрий Науминконың айтуынша, қардан үйіліп, мұздан қашалып жасалған құрылыс – «Астана – Еуразияның кіндігі» аталмақ. Әлемге әйгілі Қытай қорғанының , Мысыр пирамдаларының, Эйфель мұнарасының, «Бәйтеректің» көшірмелері мұздан жасалады, дейді Юрий Науменко.

Юрий Науминконың сөзіне қарағанда, мұз қалашығында тоңғандар үшін шай және абайсызда жарақат алып қалғандар үшін дәрігерлер отыратын бөлімше ұйымдастырылады.

Ал, Астанадағы балалардың жаңа жылдық мерекедегі шараларға қатысты пікірлері әр түрлі:

- Жаңа жылдық әрлеу жақсы, қарша қыздарды қазақша киіндіріпті. Бірақ, жаңа жылға емес наурызға көп көңіл бөлсе жақсы болар еді. Сосын, мұз қалашығына салғанша ақшаны басқа нәрсеге салу керек еді, ол 1-2 айда еріп жарамай қалады.

- Мен суретші ретінде айтарым, суретшілердің туындылары жақсы композициясы, пропорциясы сақталған. Бірақ, мұз қалашығы айдалада орналасқан, балалар мұздап қалады.

Қала безендірушілерінің жобалары бойынша, Астанадағы орталық алаңда жаңы жыл белгісі итке көп көңіл бөлінді. Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі қазақтың ұлттық киімдерін киген қарша қыз бен аяз ата. «Астана-өрнек» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері айтып бергендей, биылда аяз ата мен қарша қыздың киімі Еуропадағыдан өзгеше болды. Біздің аймағымыз таза күйінде Азия да Еуропада емес, сондықтан біз өз кейіпкерлерімізді Еуразиялық тақырып бойынша киіндірдік, дейді олар.

Ал, Астана тұрғындарының қаладағы жаңа жылдық әрлеуге қатысты пікірлері әр түрлі:

- Былтыр мұз қалашығы жақсы болған, бірақ, мұздадық, бізге ыстық шай, дәрігерлер болады деген уәделер орындалмады.

- Астанада жақсы, біз Қостанайдан келдік онда мұндай жоқ. Мұнда әр түрлі шаралар өтіп тұрады, жақсы әрленеді.

Сонымен қатар жаңа жылдық әрлеу ретінде көшедегі бағаналарда қапталған. Қазір олар шырша бұтақтарымен әрленді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG