Accessibility links

Ирақтағы кепілдік тұтқында отырған батыстық 4 азаматты өлтіру жөніндегі ескерту мерзімі сенбі күні аяқталды


Ирақ ішкі істер министрлігі хабарлағанындай, батыстық 4 азаматты кепілдік тұтқынға алған топ Ирақ басшылығымен сөйлесуден бас тартқан.

Олар, егер АҚШ пен Ирақ ресмилері барлық соғыс тұтқындарын түрмеден босатпаса, өздері кепілде ұстап отырған 4 шетелдік азаматты өлтіретіндерін ескертіп, сенбіге дейін мұрсат берген болатын. Ираққа қайырымдылық қызметімен келген әлгі шетелдіктердің арасында екі канадалық, бір американдық және бір британдық бар. Олар осыдан екі апта бұрын ұрланған болатын. Ал Ирақ үкіметінен хабарланғанындай, Ирақтағы халықаралық күштер 241 тұтқынды босатқан.
XS
SM
MD
LG