АМРИТСАР. Бүгін екі елдің туларын көтерген бір автобус Үндістанның Амритсар қаласынан Пәкістанның Лахор қаласына дейін барды. Бұл соңғы 60 жыл ішіндегі ұйымдастырылып отырған тұңғыш шара. Желтоқсанның 23-нен бастап аталған екі қаланың арасында аптасына бір рет автобус жүріп тұратын болады.