ЗАГРЕБ. Хорватияның бұрынғы генералы Анте Готовинаның адвокаты Лука Мисетич халықаралық Гаага трибуналы тарапынан өзіне тағылған айыптарды Готовина мойындамайды деп мәлімдеді. Гаага трибуналы А.Готовинаның ісін бүгін қарай бастайды. Хорватиядағы әскери қылмыстар бойынша ең басты күдікті болып саналатын Анте Готовина - өткен аптада Испанияда тұтқындалған болатын. Оған 1991/95-інші жылдары Хорватиядағы азамат соғысы кезінде 150 сербтің қазасы мен 150 мыңдай сербтің күштеп жер аударылғаны үшін айып тағылып отыр. Кеше Хорватияның Сплит қаласында Готовинаны қолдап 10-даған мың адам шеруге шықты. Осындай шаралар Вена мен Босния-Герцоговианың Мостаре қаласында да өтті.
Бұрынғы хорват генералы өзіне тағылған айыптарды мойындағысы келмейді, елде оған зор қолдау көрсетілуде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV