ЖАҢА ГВИНЕЯ. Кеше Папуа-Жаңа Гвинея елінің жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты сілкінісінің қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6.5 балға дейін жеткен. Зілзаланың кіндігі жағалаудан 10-ақ шақырым қашықтықтағы теңіз табанында орналасқан көрінеді. Адамның қазасы немесе басқа апат туралы әзірше хабар жоқ. Алайда АҚШ мамандары Жаңа Гвинеяның жағалауына әлі цунамидің соғуы әбден мүмкін деп ескертіп отыр.