Accessibility links

Дж.Буш: “...Ирақ халқын алда әлі талай қиындық тосып тұр”


ВАШИНГТОН. Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Америка бастаған күштердің Ираққа басып кірген күнінен бері осы елде шамамен 30 мыңдай халық қырылды деп мәлімдеді. Ирақта кеше парламент сайлауы басталып, халық дауыс беруге кірісті. Дж.Буш “Ирақтағы осы аптада өтетін сайлау - процестердің ақыры емес”, “Ирақ халқын алда әлі талай қиындық тосып тұр”, “..коалициялық күштер мен Ирақ үкіметі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты билікті жасақтау, Ирақтың ішкі бірлігі мен демократияны нығайту сынды өзекті 4 міндетпен бірге талай қиындыққа тап болады” деп атап көрсетті. Сонымен қатар АҚШ президенті араб телекомпанияларын “Америка Исламға қарсы күресуде” деген үгіт-насихат жүргізіп жатыр деп айыптады. Сонымен бірге Дж.Буш Ирақ түрмелерінде тұтқындарды қинауға болмайтынын айтып, айыптыларды жазаға тартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG