Accessibility links

БҰҰ комиссиясының екінші есебі бұрынғы Ливан премьерінің қазасына Сирияның қатысы болғанын толық растайды


НЬЮ-ЙОРК. Ливанның экс-премьері Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуын тергейтін БҰҰ-ы комиссиясының жетекшісі, неміс прокуроры Детлев Мехлис бүгін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде өзінің қорытынды есебін береді. Осы есебінде Д.Мехлис әлгі қастандыққа Сирияның қатысы болғанын және тергеу барысына ресми Дамаскінің бөгет жасамақ болғанын дәлелдеген бірінші есебінің тағы да расталғанын хабарлайды. Өз кезегінде Сирия оған өзінің еш қатысы жоқтығын және тергеу барысына керісінше атсалысқанын мәлімдеп отыр. Ресми Дамаск, сондай-ақ, Сирияға қарсы көзқарасымен танылған Ливан парламентінің депутаты әрі газет шығарушы Жибран Туенидің Бейрут қаласындағы кешегі қазасына қатысы болғанын жоққа шығарады. Ливан премьер-министрі Фуад Саниора БҰҰ-ын осы қастандықтардың барлығын тергеуге шақырды. АҚШ пен Еуроодақ соңғы қастандыққа ащы наразылық білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG