Accessibility links

Ирақ президенті Жалал Талабанидің айтуынша, ол парламенттік сайлаудан кейінгі мерзімге елбасылық қызметіне қайта бармаспын деген ниетте екен


Өткен түні жарияланған мәлімдемеде айтылғанындай, Талабани ресми хаттамадағы президент болғысы келмейді. Талабани өтпелі кезең нәтижесінде өткен қаңтардағы сайлауда Ирақ президенті болып сайланған еді. Ал Ирақтың жаңа Ата заңы қазан айында қабылданды. Міне, енді алдағы бейсенбіде парламенттің толық құрамы анықталмақ. Парламент президентті тағайындау құқына ие болмақ. Джалал Талабанидің Күрдістан патриоттық одақ партиясы Ирақтағы күрдтердің қос партиясынан бірі. Бұл партия болашақ Парламентте беделге ие болар деген үміт баршылық.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG