Accessibility links

Қазақстан Үкіметі елдегі шаруа қожалықтары үшін, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған көрсеткіштерге жақындату шараларын жасамақ


Желтоқсанның 14 күні Астанада өткен агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне арналған республикалық кеңесте Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары Ахметжан Есімов шаруа қожалықтары үшін, Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы ұсынған көрсеткіштерге жақындату шаралары жасалады деген мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ауылды қолдау жылдары көп жұмыс атқарылып диқандардың кәсібі жеңілдеген, ал көптеген шаруа қожалықтарының иелері бұл пікірмен келіспей отыр.

Қазақстан паремьер министрінің орынбасары Ахметжан Есімовтың айтуынша, ЕуроОдақ елдерінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімінің жартысы субсидияға жұмсалады, ал, Қазақстан сияқты ұйымға енгелі отырғанға тек 7 пайыз беруге рұқсат. Қазір Қазақстанда диқандарды қолдаудың бұл көрсеткіші 2 пайыздан аспайды, деді ол.

Түркістан қаласының ауыл шаруашылық бөлімінің маманы Жұмахан Төреханның айтуынша, әлемдік сауда ұйымына кірсе, Қазақстан үшін субсидияны 10 пайызға жеткізу керек:

- Ұйымға кірсек субсидия керек. Олардың бағасы біздікінен төмен болады деп отыр. Соған байланысты бізде техника ескі, содан өнімнің өзіндік құны қымбат болып тұр.

Жәнеде Түркістан қаласының ауыл шаруашылық бөлімінің маманы Жұмахан Төреханның айтуынша, дайын өнім бағасын әдейі төмендету байқалады:

- Бізде моноплист болып қалды, олар бағаны көтермей тұрды.

Әйтседе, жиында елдiң азық-түлiк қауiпсiздігін қамтамасыз ету үшін және астық бағасы демпингiнiң алдын алу үшiн жыл сайын мемлекеттік ресурстарға белгiленген баға бойынша астық сатып алынады деп хабарланды. Ал, ауыл шарушалық саласы кәсіподақтарының төрағасы Жәзит Құдайқұловтың айтуынша, бәрібір негізгі қиыншылық өнім өткізумен байланысты:

- Бидай өтпей жатыр, оның бағасы еккен бағадан төмен, халықтың еңбегі далада қалды.

Үкімет Басшысының сөзіне қарағанда, саладағы жұмысты жеңілдету үшін, бағдарлама жасалып жатыр. Онда әсіресе аграрлық секторға енгізілетін инновациялық жобаларға тиісті кепілдіктер және мемлекетік жеңілдіктер қарастырылады. Ұқсату саласы үшін қосымша құн салығын төмендетуге байланысты мәселелер де қарастырылуда», деді Ахметов. Алайда, Қазақстан паремьер министрі Даниял Ахметовтың айтуынша, Қазақстанда қосымша құн салығы дамып келе жатқан елдер ішіндегі ең төмені.

Диқандар болса, көптеген қиыншылықтарға айлакерлер қосылды деп шағымданып отыр. Қарағанды облысындағы Осакаровка ауданындағы Баян шаруа қожалығының төрағасы Қуаныш Смағұловтың айтуынша, сақтандыру компанияларының амалдары көп:

- Мысалы кей жерде жаңбыр көп болады, кей жерде болмайды. Ал, сақтандыру компаниялары сендерде жаңбыр болыпты деп алдап кетеді.

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі Рысбек Оразхановтың айтуынша, сақтандыру компаниялары диқандарды алдап кеткені рас:

- Биылғыдай ауа райының қиын жылында сақтандыру компаниялары алдап кеткендей болып тұр.

Негізінен салада екі ірі сақтандыру компаниясы жұмыс істеген, соның біріне шағым көбейіп отыр. Қазақстан паремьер-министрі Даниял Ахметовтың айтуынша, «ТрансОйл» компаниясын қаржы агенттігі тексереді, бізге бұл деректер белгілі, деді ол.

Диқандарды мазалайтын келесі проблема-жанар май мәселесі. Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі Рысбек Оразхановтың айтуынша, жанар-жағар май әділетті бөлінбейді:

- Жанар май егін егетіндерге беріледі, ал, мал өсірумен шөп шабатындарға толық берілген жоқ.

Ауыл шарушалық саласы кәсіподақтарының төрағасы Жәзит Құдайқұловтың айтуынша, жанар-май бөлу соңғы кезде жақсарған, бірақ, әділеттілік орнамады, дейді ол:

- Биыл шамалы дұрыстау шешілді, бірақ, бөлгенде бүлдіреді, көзіне қарап, кімге ыңғайлы соған береді, түгел бермейді.

Ал, ауыл шаруашылық министрлігі болса, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іске асырыла бастады деп хабарлайды. Оған 121 миллиард теңге бағытталды деген мәлімет бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG