Алматы. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырым болатын құбыр Орталық Қазақстандағы Атасу аймағын Қытай шекарасымен жалғастырады. Құбыр жобасына «Қазақмұнайгаз» бен Қытайдың Ұлттық Петролеум корпорациясы 700 миллион қаржы жұмсады деп хабарлайды ақпарат көздері. Атасу-Алашанқай құбыры арқылы жылына 20 мың тонна мұнай тасымалданады деп межеленген.