Accessibility links

Британияның Европа одағының бюджет жобасы туралы жаңа ұсыныстары қолдау таппады


Лондон. Британия бюджет көлемін 2 миллиард евроға дейін ұлғайтып, 849 миллиардқа жеткізіп, ол қаржыны Евродақтың кедей деген жаңа мүшелеріне беру турасында ұсыныс жасаған еді. Алайда Британия бұрынғысынша Одақтың аграрлық субсидия жүйесіне түбегейлі реформасыз берілетін бюджеттік жеңілдіктен бас тартпаймыз деп отыр. Франция, Италия, Польша және Еврокомиссия Британияның ұсынысын лайықты емес деп атады. Енді Одақтың бюджет жобасы желтоқсанның аяғында Евродақтың Брюсселдегі саммитінде талқыланатын болады.
XS
SM
MD
LG