Accessibility links

Евродақтың 25 елінің басшылары Одақтың 2007-2013 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылауда


Брюссель. Одақта қазір төрағалық етуші Ұлыбритания Одақ өкілдерін ортақ бір мәмілеге келтіруге тырысуда, алайда әзірге Лондон тарапынан жасалған ұсыныстың ешқайсысы қолдау тапқан жоқ. Кеше ертерек Германияның сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штайнмайер бюджет жобасы бойынша келісімге алдағы саммитте қол жетуі мүмкін деді. Британияның соңғы ұсынысы Одаққа жаңадан мүше болған 10 мемлекетке бюджеттік қаржыландыруды қысқарту туралы болған еді.
XS
SM
MD
LG