Accessibility links

Ирақта бүгін парламенттік сайлау өтіп жатыр


Парламенттегі 275 орынға 7 мың 600-ден астам үміткер таласып отыр. Оларға 15 миллиондай сайлаушы дауыс бере алады. Саддам Хұсейнның үкіметі құлатылғалы бері бұл алғашқы толық мерзімді парламент болмақ, парламент төрт жылға сайланбақ. Дауыс беру күні Ирақтың кейбір мекенде шабуыл болды. Дегенмен, елдегі жағдай бүгін жалпы тыныш. Ирақ уақытша бас министрі Ибрағим Әл Жафари еліміз демократияға бет алды, демократия зұлым биліктен күшті екенін дәлелдеп отырмыз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG