Accessibility links

Чешенстан қуғындағы үкіметі үш чешен босқынына араша түсті


Чешенстан қуғындағы үкіметі Польша босқындар орталығында үш чешен азаматы полиция тарапынан соққыға жығылыпты деген мәліметті мұқият тексереміз деп мәлімдеді. Польшада үш жарым мың чешен босқыны жүр екен жалпы. Чешенстан тәуелсізідігін жақтайтын баспасөз құралды сейсенбі күні хабар таратып, Люблин қаласындағы босқындар орталығын осыдан бірнеше күн бұрын Польша полиция жасағы тінтіпті, үш чешен азаматын қамауға алыпты, ұрып соғыпты деген. Мәлімет тәуелсіз бұлақтардан дәйектелген жоқ, Польша ресми орындары еш сипаттама айтқан жоқ. Чешенстан қуғындағы үкіметі Польшаға арнайы өкілін жолдады, мәліметті дереу тергеуді бұйырды.
XS
SM
MD
LG