Accessibility links

Германияға жан сақтап барған өзбек министрі қамалуы мүмкін


Әндіжан көтерілісінен кейінгі жаппай қырғында аман қалған азаматтар Германия бас прокуратурасына қайырылып, Өзбекстан ішкі істер министрі Зокиржон Алматовтың үстінен талап арыз түсірді. Өзбек министрі қазір Германияда емделіп жатса керек. Нью-Йоркте орналасқан "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Өзбекстан ішкі істер министрі Зокиржон Алматов қамауға алынуы мүмкін, Германия заңдарында мұндай мүмкіншілік қарастырылған дейді. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Зокиржон Алматов жаппай қырғын мен азаптауларды басқарды, адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыптар тергелсін деп үндеу айтты. Германия прокуратурасы дүйсенбі күні түскен талап арыз қабылдады ма, жоқ па - әзірше белгісіз.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG