Еуропа одағы жетекшілері, еврейлердің Холокосты жалған, Израильды Еуропа немесе Солтүстік Америкаға көшіру керек деген Иран президентінің үндеуіне байланысты айыптама жарияламақ. Брюсселдегі басқосуда президент Ахмединежаттың ол мәлімдемесін қабылдауға тұрмайтын сөз делінеді. Сондай-ақ, Голландия сыртқы істер министрі Бен Боттың айтуынша, одақтан 25 ел өкілі Ирандық ресмилерді Еуропада қабылдап, Ахмединежаттың анти-израилдық ойларына байланысты мәселені талқыламақ. Иран ішкі істер министрі Мостафа пұр Мохамадидің айтуынша, Ахмединежаттың ол айтқандарын Батыс үкіметтері дұрыс түсінбеген.
Еуропа одағы Иран президентінің Израильға байланысты мәлідемесіне орай мәселені талқыламақ
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV