Accessibility links

Тәжікстандық ресмилер журналист Жұмабай Толибовты абақтыдан босатты


Толибовтың қамауға алынғандығын халықаралық адам құқықтары ұйымдары қатты айыптаған болатын. Оның бостандыққа шығарылуын Тәжік Жоғары сотының өзі осыдан екі ай бұрын жариялаған еді. Толибовты шілде айында жергілікті үкіметтік кеңесшілік қызметін дұрыс орындамады деген айыппен абақтыға салған. Бірақ ол өзіне таңылған айыпты мойындамаған.

- Мен ешқандай қылмыс жасаған емеспін. Менің мұндай азапқа кезігуіме азаматтардың адамдық құқын қорғап жазған мақалаларым себепші болды, - дейді Жұмабой Толибов.
XS
SM
MD
LG