Accessibility links

Ауғанстанда бүгін болған көліктегі бомба жарылысында оның жүргізушісі қаза тапты


Қабұл полиция бөлімі басшысының орынбасары генерал Фазлидің айтуынша, тағы да екі адам жарақат алған.

- Бұл - жанкештінің шабуылы. Ол халықаралық қосындарға қарсы жасалған жарылыс еді. Бірақ, ол күштерден шығын жоқ. Тек қана жанпидашы қаза тауып, екі кісі жарақат алды, - дейді генерал.

Ол шабуыл Қабұлдың батысында, алғаш сайланған Ауғанстан парламентінің ғимараты маңайында болған. Ол жерде дүйсенбіге алғашқы жиын жоспарланған екен.
XS
SM
MD
LG