Accessibility links

Түркия үкіметбасы сол елдегі жазушыға қарсы сот ісіне байланысты Еуродақ тарапынан айтылған сынды қабылдамады


Анкара. Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Орхан Памуктың сөз бостандығы хұқын қорғап, бірақ ұлтқа тіл тигізді деп жазушыға қарсы қозғалған сот ісіне қатысты Евродақтың сындарын қабылдамады. Ердоған өзінің де бір кезде соз бостандығы шектеуінің құрбаны болғандығын еске алып, Евродақтың Памуктың соты Түркияның одаққа мүше болуға талпынысына өзіндік кедергі болуы мүмкін деген сынын айыптады. Одақ сотқа қысым көрсетуге тырысты деген ол, Түркияның сот жүйесі жайында алдын-ала пайымдаулар жасамай тұрып, соттың шешімін күту керек деп ескертті.
XS
SM
MD
LG