Біріккен оппозициялық күштер атынан елбасылық сайлауларға үміткер боп қатысатын Александр Милинкевич елдегі жұмыссыздық пен тұрмыстағы жетімсіздік және жастарға жағдайдың жасалмауы елде үлкен өзгерістер жүргізудің қажеттігін талап етіп отыр, алайда билік басындағылар ондай өзгерістерден қорқады, деді. Сондай-ақ, Беларусияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Петр Краучанка тәуелсіз үміткер ретінде елбасылық жарысқа түспекші. Консервативтік христиан партиясы болса, қуғында жүрген басшылары Зиянон Пазнакты үміткерлікке ұсынатындықтарын мәлімдеді. Сайлаулар наурыздың 19-ына белгіленген. Елбасы Александр Лукашенко үшінші мәрте сайлануға үміттенуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?