Accessibility links

Осыдан үш апта бұрын Ирақта ұрланған Германия азаматы Сусанна Остхофф азат етілді


БЕРЛИН. Бұл туралы кеше Остхоффтың туысы хабарлады. Ислам дінін қабылдаған археолог Остхофф ханым 10 жыл бойы Ирақта тұрған. Археолог пен оның жүргізушісі қараша айының соңында ұрланған болатын. Германия сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штанмайер Остхоффтың жүргізушісі жақын арада босатылады деді.

Басқа да хабарларға қарағанда, жексенбі күні АҚШ вице-президенті Дик Чейни күтпеген жағдайда Ираққа келіп, АҚШ әскері және Ирақ басшыларымен кездесті. Чейни Ирақтың бейсенбі күнгі парламент сайлауын жоғары бағалады.
XS
SM
MD
LG