Accessibility links

Өзбек министрі Германияда емделіп, дереу қайтып кетті


Өзбекстан ішкі істер министрі Закир Алматов Германияда емделіп, еліне қайтып кетті. Әндіжан қырғынынан аман қалған бір топ азамат Алматовтың үстінен талап арыз түсірген болатын. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы өзбек министрі адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталу керек, Германия прокуратурасы Германия заңына сәйкес оны қамауға алса жөн деген. Закир Алматов рак ауруынан емделіп жүр. Еуропа Одағы Әндіжан қырғынынан кейін Өзбекстан басшыларына виза шектеуін орнатса да, Алматовтың өміріне қауіп төндірген науқастан емделу үшін Германияға кіруге рұқсат берген.
XS
SM
MD
LG