Accessibility links

Алматының әкімішлік соты оппозициялық басылымның шығуын тоқтату туралы шешім шығарды


Алматыдағы Медеу аудандық прокуратурасының талабы бойынша желтоқсанның 20-күні Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстандағы оппозициялық «Жұма-таймс» басылымын шығаруға тиым салу туралы шешім қабылдаған. Ал газеттің бас редакторының орынбасары Бақытгүл Мәкімбай редакция ұжымы соттың бұл шешімі туралы тек ертеңінде, яғни желтоқсанның 21-күні түстен кейін ғана хабардар болғанын айтады.

«Бүгін біз газеттің кезекті санын дайындап жатқан едік, ертең ол оқырмандарға жетуі керек болатын», - деді Бақытгүл Мәкімбай сәрсенбі күні «Азаттық» радиосына.

«Жұма-Таймс» апталық басылымы Қазақстандағы оппозициялық бағыттағы санаулы газеттердің бірі. Газет бұған дейін Қазақстанда сот шешімімен жабылып қалған «DAT» және «СолDAT» газеттерінің ізбасары ретінде шығып келген-ді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG