Қауіпсіздік шарасы күшейтілген сот залына Саддам Хұсейн Қасиетті Құранмен кірді. Онымен бірге сотта тағы да 7 адам жауап береді. Өзіне түрмеде жасалған күш көрсету әрекеттерін мойындамаған Ақ үйлік ресмилерді Саддам өтірікшілер деп айыптады. Саддамға орай жасалған болуы мүмкін зорлық-зомбылыққа байланысты сот тергеуге бұрық берген. Саддам мен оның 7 қолдаушысына 1982-жылы Ирақ президентіне жасалмақ болған қастандықтан кейін 148 шиит азаматын өлтірді деген айып тағылған.