Ирақ көтерілісшілері бейнетаспа арқылы үндеу жариялап, Иордания үкіметі Бағдадпен қатынастарын үш күн ішінде үзсін деп талап қойды. Сол сияқты қараша айында Амман қаласында жанкештілік шабуыл жасамақ болған әйел босатылсын делінді. Бейнетаспада кепілдікке сейсенбі күні Бағдадта алынған Иордания елшілігінің қызметкері Махмұд Сүлейман Сайдат көрсетілді. Дегенмен үш күн өткен соң Иордания азаматының тағдыры қандай болатыны айтылған жоқ. Иордания үкіметінің өкілі терроризмге не болмаса бопсалауға ешқашан көнбейміз деп көтерілісшілердің талабын қолма-қол қайтарып тастады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?