Accessibility links

Ливия Жоғарғы сотының болгариялық бес медбикеге шығарылған өлім жазасын алып тастау жөніндегі шешімін Болгария қызу қуаттады


Олардың ісі сотта қайта қаралу үшін кері жіберілді. Бенғазы ауруханасында 426 балаға Вич ауруын жұқтырды, деп сол бес медбике және палестиналық бір дәрігерге айып тағылған болатын. Осыған байланысты 1999-шы жылдан бері олар Ливия түрмесінде жатыр. Жоғарғы соттың бұл жолғы шешімі бойынша олар енді бостандыққа жіберілуі мүмкін. Қайта соттың қашан болатын мерзімі айтыла қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG