ТРИПОЛИ. Ливияның Жоғарғы Соты балаларға СПИД дертін жұқтырды деп айыпталған болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігерге шығарылған өлім жазасын бұзып, істі қайта қарауға жіберді. Болгариялық медбикелер өздерінің кінәсіз екенін және осы іс бойынша өздерін зорлықпен мойындаттырғандарын мәлімдеп келді. СПИД дерті бойынша мамандардың мәлімдеуінше, Бенгази қаласының ауруханасындағы 400-ден астам бала тазалықтың жоқтығынан СПИД-ке медбикелер келмей тұрып-ақ шалдықса керек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV