Accessibility links

Өзбекстан билігі БҰҰ-ның Әндіжан оқиғасы бойынша өткен соттарға байланысты білдірген алаңдаушылығы негізсіз дейді


ТАШКЕНТ. Өзбекстанда мамыр айындағы Әндіжан қантөгісіне байланысты 150-ден астам адам айыпты деп табылып, түрмелерге жабылды. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғары лауазымды өкілі Луиз Арбур бұл соттар әділ өтпеді деген болатын. Ресми Ташкент Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты, олардың көбі – терроршылар десе, ал құқық қорғаушылар мен куәгерлер үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, мыңға жуық бейкүнә адам құрбан болды дейді.
XS
SM
MD
LG