Accessibility links

БҰҰ-ы: “...өзбек соты шынайы қылмыскерлерді емес, бейкүнә кісілерді жауапқа тартып отыр”


ТАШКЕНТ. Өзбекстан соты Әндіжан қаласында мамыр айында болған халық толқуына байланысты әзірше 150-ден астам адамға айыптар тақты. Адам құқын қорғаушылар “Әндіжан қырғыны” барысында 700-дей қарусыз адам, оның ішінде әйел мен бала қырылды деп мәлімдеді. БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Комиссариатының өкілі Луиза Арбур ханым “Әндіжан оқиғасына” қатысты өзбек соты шынайы қылмыскерлерді емес, бейкүнә кісілерді жауапқа тартып отыр деп айыптады. Алайда “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Өзбекстанның Бас прокурорының баспасөз-хатшысы Светлана Ортикова: “Әндіжанда шынында да бірқатар террористік әрекет болды. Әндіжандағы террористік және басқа да аса қауіпті әрекеттер бойынша бастапқы тергеу мен сот үдерісі барысында қылмыстық кодекстің талаптары толық сақталды” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG