КАБУЛ. Тәліптердің бас қолбасшысы Дадулла молда жанкешті лаңкестердің Ауғанстанда көп шабуыл ұйымдастыратынын ескертті. Ассошиэйтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында Дадулла молда тәліптердің 200-ден астам жанкешті-лаңкесінің әлгіндей шабуылдарды Ауғанстандағы АҚШ армиясы мен халықаралық күштерге қарсы бағыттайтынын атап көрсетті. Ол АҚШ-қа арқа сүйеген президент Хамид Қарзайдың билігімен уәжге келудің мүмкін еместігін мәлімдеді. Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Мухаммед Захир Әзими Дадулла молданың мәлімдемесін “жалаң насихат” деп бағалап, Ауғанстанның көтерілісшілерге тойтарыс беретіндей жеткілікті қауіпсіздік күші бар деп атап көрсетті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV