Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының баспасөз қызметінің басшысы Сәулебек Жәнкенұлы сейсенбі күні «Азаттық» радиосына берген түсініктемесінде, егер де Махамбет Әбжанның кінасы дәлелденсе, оның бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлады. Яғни, мұндай жағдайда қазақстандық азамат Махамбет Әбжан бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал екен.
Қазақстандық азамат, өзін қазақ оппозициясының Бішкектегі өкілдігінің жетекшілерінің бірі ретінде атап келген Махамбет Әбжан Қырғызстан астанасында 13 желтоқсанда қамауға алынғаннан кейін, оның жақтастары бұл оқиғаның астарында саяси себеп бар екендігін мәлімдеп, наразалық шараларын өткізген болатын. «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Махамбет Әбжанды қорғау жөніндегі штабтың мүшесі, қырғызстандық құқық қорғаушы Әзиза Абдурасұлова бұл оқиғадан Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевті де хабардар еткендігін және Қырғыз елбасынан қамауда отырған Махамбет Әбжанды істің ақ-қарасы анықталмайынша Қазақстанның заң орындарына бермеуге уәдесін алғандығын айтқан еді. Алайда, арада аз уақыт өткенде Қырғызстан жағы қазақстандық азамат Махамбет Әбжанды Қазақстанның заң орындарына бергені мәлім болды.
Адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Махамбет Әбжанның ісінде саяси астар болуы мүмкін екендігі туралы ойын білдірді.
«Оппозиция немесе оппозиция ұйымының өкілдерінің қылмыстық істері туралы айтылғандардың бәріне де күдікпен қарайсың. Өйткені, Қазақстанда оппозициялық қызметпен шұғылданғандарды қылмыстық іс қозғау арқылы жазалау әдісі жиі қолданылады», - деді Е.Жовтис.
Сейсенбі, желтоқсанның 27-күні қазақсандық заң орындарының рұқсатымен Махамбет Әбжан өз әкесімен кездескені белгілі болды. Сол күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Махамбеттің әкесі Мұратбек Әбжан алғашқы кездері заң орындарының оның ұлымен кездесуге рұқсат бергісі келмегендігін, тек Астанадағы Ақ Орданың алдына барып аштық жариялап, өзінің наразылық білдіретіндігін айтқаннан кейін ғана қамауда отырған баласымен кездесуге мүмкіндік алғанын айтты.
Өзін шетелдегі қазақстандық оппозиция бюросының қырғыз бөлімінің жетекшілерінің бірі ретінде таныстырып жүрген Азамат Жетпісбаев сейсенбі күні «Азаттық» радиосына Қырғызстанда Махамбет Әбжанға бостандық талап ету мақсатында саяси жұмыстардың жалғасып жатқандығын хабарлады. Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта Қырғызстандағы халықаралық ұйымдар мен шетелдік мекемелердің басым көпшілігі Махамбет Әбжанның тағдырынан хабардар болыпты.