Accessibility links

Екі ел арасындағы газ бағасы жөніндегі дау-дамай қызып тұрған кезде Ресей президенті В.Путин мен Украина елбасы В.Ющенко телефон арқылы сөйлесті


Олар бұл газ бағасы төңірегіндегі мәселені шешу бағытында өзара пікір алмасқан. Енді бүгін осы шаруамен Украина отын және энергетика министрі Иван Плачков Мәскеуге арнайы бармақ. Ресей жаңа жылдан Украинаға берілмек газ бағасын сәл кем 5 есеге көбейтпек. Ал Украина бас министрі Ехануров болса Ресейден Еуропаға өтетін газдың 15 пайызын алуға құқымыз бар дейді. Бұл арада Ресей Қорғаныс министрі Иванов Ресейдің Украинадағы теңіз флоты жұмысы мерзімін өзгертуге болмайды деп ескертті.

- Кеңес одағы кезіндегі Қара теңіз флотын өзара келісіп пайдалану Ресей-Украин келісімінің негізгі бір бөлігі. Екінші бір маңызды мәселе – ол екі арадағы шекараны мойындау. Ол келісім шарттарды өзгертүдің салдары ауыр болмақ, - деді Ресей қорғаныс министрі.

Газ бағасының өсуіне байланысты Украина өз кезегінде, Қырымдағы Севастополь базасы үшін Ресейден көтерме ақы талап етпекші.
XS
SM
MD
LG