Accessibility links

Әндіжан оқиғасына байланысты түрмеге жабылған адамдардың саны 150-ден асты


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанның жоғарғы соты Әндіжан оқиғасына байланысты 11 полиция қызметкері мен дәрігерлерді 18 айдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Түрмеге жабылған қауіпсіздік күштеріне Әндіжан оқиғасы кезінде өз міндеттерін орындамады деген айыптар тағылды. Сонымен осы уақытқа шейін Өзбекстанда Әндіжан қантөгісіне байланысты 150-ден астам адам айыпты деп табылып, түрмелерге жабылды. Ресми Ташкент Әндіжан оқиғасында 187 адам қаза тапты, олардың көбі терроршылар десе, ал құқық қорғаушылар мен куәгерлер мыңға жуық адам құрбан болды, олардың көбі әйелдер мен балалар дейді.
XS
SM
MD
LG