Accessibility links

Халықаралық ұйым Ресей президентін демократияға бөгет болатын заңға қол қоймауға шақырады


МӘСКЕУ. Бүгін Халықаралық “Журналистерді қорғау комитеті” Ресейдегі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет жағынан қадағалауды күшейту қарастырылған жаңа заң жобасына үлкен алаңдаушылық білдіріп, Ресей президенті В.Путинге хат жолдады. Хатта аталмыш заң жобасын ресми биліктің саясатын сынағандарға қарсы қолдануға болатынын, сөйтіп елдегі демократияның өркендеуіне қолбайлау болатыны айтылады. “Журналистерді қорғау комитеті президент В.Путинді жобаға қол қоймауға шақырады.
XS
SM
MD
LG