ТАЯУ ШЫҒЫС: Иордан өзенінің Батыс жағалауында Тулькарм қаласының іргесіндегі әскери күзет постында бүгін болған жарылыстан, соңғы мәлімет бойынша, 4 адам қаза болғанға ұқсайды және тағы бірнеше кісі жараланды. Жарылғышты жанкешті іске қосты. Тағы бір хабарға қарағанда, жанкештілер екеу болған сияқты. Газа секторында 3 ағылшын азаматын байлап алып кетті. Палестиналық барлау қызметінің мәліметі бойынша, Мысырдан Рафах қаласына келген осы үшеудің бірі адам құқын қорғайтын ұйымның қызметкері көрінеді. Әзірше одан басқа хабар жоқ. Кісі ұрлауды да әзірге ешбір жергілікті топ мойындамай отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV