Accessibility links

400 миллион километр қашықтағы кометаның топырағы 15 қаңтарда Жерге жеткізілмек


Америкалық ғарыш ғалымдары 15 қаңтарда үлкен табысқа жетеміз деп үміттеніп отыр. Бұл күні жерге "Стардаст" ғарыш кемесінің қону аппараты оралуға тиіс. Бұл капсулада 400 миллион километр қашықтықта, "Уайлд Екі" деген кометадан алынған заттар әкеліне жатыр. Америкалық ғалымдар бұл жобаны он жыл бойы іске асырып келеді. 1999 жылы ұшырылған "Стардаст" кемесі мақсатына жетіп, "Уайлд 2" кометасынан зат үлгілерін алды. Енді "Стардаст" кемесі капсуласының жерге аман-есен оралуы қалды.

Бұл ғарыш ғалымдары үшін расында да үлкен жетістік болмақ. Мұндай табысқа қол отыз жыл бұрын ғана жеткен еді. 1972 жылы желтоқсанда америкалық астронавтар Айға барып, Ай бетіндегі тастарды алып келген еді. Енді міне араға отыз жыл салып сондай аса құнды заттарды "Стардаст" капсуласы алып келе жатыр. Капсула 15 қаңтарда Юта штатында қонады деп күтіліп отыр. "Стардаст" жобасының менеджері, Калифорния штатында орналасқан зертхананың қызметкері Томас Дюксбюри неше жылғы еңбегіміздің жемісін көреміз деп қатты толқып отырмыз дейді:

- Барша ұжымымыз және өз басым қатты толқып отырмыз. Осы сәт үшін біз кеме ұшыруға үш жыл сіңірдік және кеме сапарының өзіне жеті жыл кетірдік. Сондықтан қатты толқу үстіндеміз, қызметіміз оң нәтижесін береді деп күтіп отырмыз.

"Стардаст" ғарыш кемесі осыдан жеті жыл бұрын ұшырылып, "Уайлд Екі" кометасына жету үшін бес жыл ұшты. 400 миллион километрді артта тастап ғарыш кемесі комета құйрығына жетті, сол кеңістіктен заттардың үлгілерін алды. Асылы, зерттеу кемесі жеткен кометаның құйрығы мен комета ядросының арасы 250 километр. Ғарыш кемесі қатты соққы алды, комета сынықтары оны дауылдап ұрған екен. Ғарыш кемесі кометаның бес шаршы километр боп қатып жатқан ядросын сүретке түсіріп алды.

Капсуладағы заттар үлгілері бірнеше елдегі зертханаларға бірнеше аптадан соң берілмек. Сондай зертханалардың бірі Британиядағы Ашық институт жанындағы Планета және Ғарыш ғылыми зерттеу институтында орналасқан. Институт маманы Эндрю Болл "Стардаст" әкелетін заттар Айдан алынған заттарға қарағанда әлде қайда маңызды, себебі Ай ғарыш жүйесіндегі қатты жырылыстан соң Жерден бөлініп жаратылған сияқты, ал кометалар Күн жүйесінен әлде қайда алыста жатыр, олардың табиғаты өзгеше дейді:

- Кометалар Күн жүйемізге жақында ғана кірді. Күн ыстығы оларды ерітіп, мұз бөлшектеріне айналдырып жатыр. Кометалар суық қоймада жатқандай Күн сәулесінің көп тарихын сақтап қалды. Кометалар планеталарымыздың қалай жаратылғаны жайында мәлімет ашпақ.

Эндрю Болл комета заттары тіршілік қалай жаратылғаны жайында мәлімет беруі мүмкін, органикалық заттар мен тіршілік бастаушысы болуы мүмкін жәнтіктердің іздері табылатын шығар дейді. Капсула жеткізген үлгілердің ішінде тіпті бұданда көне заттар табылуы мүмкін. Ғалымдар Күн жүйесі қалай пайда болуы мүмкін деген сауалға бір қатар жорамалын анықтап алмақ. Бұл тек ғана өткен шақты зерттеуге қажет емес, Жер планетасының болашығы қандай болуы мүмкін деген сауалда маңызды. Мәселен, осыдан 65 миллион жыл бұрын Жерге үлкен комета құлап, мұның салдарынан динозаврлар қырылып қалған делінеді. Олай болса адам баласын динозаврдың тағдырынан аман алып қалған жөн.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG