ТАЯУ ШЫҒЫС. Израильдің әскери әуе күші бүгін таңертең Газа аймағының оңтүстігіндегі бір баспанаға әуеден соққы берді. Адам қазасы жайында әзірше мәлімет жоқ. Хан-Юнис қаласындағы “Әл-Ақса” азап шегушілерінің Бригадасы” тобы бас сауғалаған бір баспана әуе соққысының нысанына айналды. Жексенбі күні Хан-Юнис қаласында Палестинаның қауіпсіздік күштері экстремистер қамауда ұстап отырған италиян азаматын босатты.