АНКАРА. Бүгін Түркияның денсаулық сақтау министрлігі кеше қаза болған 14 жастағы жеткіншектің қанынан “құс тұмауының” вирусы табылмады, деп хабарлады. Құс фабрикасында жұмыс істейтін жеткіншек бала сырқаттанып қалғанында, дәрігерлер ол “құс тұмауына” шалдыққан жоқ па деп күдіктенген болатын. Түркияның осы аймағында тағы 5 сырқаттың қанынан анализ алынды. Үшеуі “құс тұмауынан” аман болып шықты, ал қалған екеуінің қан анализі әзірше белгісіз.