Accessibility links

Италияндық әйелдер 2 ер кісіні босатуды талап етіп бостандыққы шығудан бас тартты


АММАН. Йеменде жергілікті тайпа өкілдерінің қолында тұтқында отырған 3 италияндық әйел тұтқында қалған 2 ер азаматты да босатуды талап етіп, еркіндікке шығудан бас тартты. Кісі ұрлаушылар ресми биліктен түрмеде отырған қандастарын жіберуді талап етіп отыр. Жексенбі күні Йемен президенті Әли Абдулла Салих соңғы кезде шетелдік туристерді ұрлап алып кеткен жайттар тіркелген Мариб және Шабва өлкелерінің әкімдерін қызметтерін алды.
XS
SM
MD
LG