Accessibility links

Орталық Еуропа елдері Мәскеу мен Киевтің “газ жанжалынан” жапа шегіп отыр


БЕРЛИН-ВЕНА. Еуропа елдерінің басшылары Мәскеу мен Киевті Еуропаға экспортталатын газ мөлшерінің күрт қысқаруына себеп болған “газ жанжалында” уәжге келуге шақырады. Бүгін Францияның сыртқы істер министрлігінің өкілі Жан-Батист Маттэй: “Мәскеу мен Киев екі жаққа да тиімді келісімге келуге тиіс” десе, неміс үкіметінің өкілі Томас Штег: “келіссөзді екі елге тиімді баға бойынша мейлінше тез аяқтап, Германия мен Батыс Еуропаның газбен тұрақты қамтамасыз етілгеніне Берлин аса мүдделі” деп атап көрсетті. Сонымен қатар Т.Штег Мәскеу мен Киевті келіссөзге отырғызу бастамасын Еуроодақ өз мойнына алады дегенді қосты. Аустрияның вице-канцлері Хуберт Горбах екі арадағы ахуал ушыға түскен де ғана Еуроодақ араласуға міндетті деп мәлімдеді. Ресей мен Украина арасындағы “газ жанжалы” салдарынан бүгін Орталық Еуропаның бірталай елі газ құбырындағы қысымның айтарлықтай төмендегенін сезінді.
XS
SM
MD
LG