Accessibility links

Палестинада парламенттік сайлау науқанында үгіт кезеңі басталды


Дауыс беру 25 қаңтарға белгіленген. Президент Махмұд Аббастың "Фатах" билеуші партиясы үгіт науқанын Батыс жағалауда бастады. "Хамас" жауынгерлік тобы парламенттік сайлауға алғаш қатысып отыр, хамасшылар науқанды Газа секторында бастады. "Хамас" тобының өкілі Абу Зұхри сайлау Палестина дағдарысын шеше алады, сондықтан сайлауды кейінге қалтыруға болмайды деп мәлімдеді. Израиль парламенттік сайлауға "Хамастың" қатысқанын қаламайды, Израильде жасалған көптеген жанкештілік шабуылды "Хамас" ұйымдастырылған делінеді. Сондықтан Израиль Шығыс Иерусалимде тұратын палестиндіктерге дауыс бергізбейміз деген. Палестина президенті мұндай жағдайда дауыс беру күнін кейінге қалтыруға тұра келетін шығар деп айтты кеше.
XS
SM
MD
LG